Төмендегі кеңестер “Қазақтелеком” АҚ Megaline Интернет – арнасын пайдаланған кезде Интернет желісін пайдаланушының жұмыс барысында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Сіздерге берілетін ұсынымдар:
- Ең соңғы жаңартылған вирусқа қарсы базамен вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылсын. Компьютерде сақталатын жаңа файлдар тексерілсін. Компьютер оқтын-оқтын толық тексерілсін.
- Операциялық жүйелердің жаңа нұсқаларының пайда болуы қадағалансын және оларға анықталған қателерді жоятын жаңартулар орнатылсын.
- Желіде жұмыс істеу барысында негізгі қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ететіндей операциялық жүйе іске келтірілсін. Мүмкіндігінше Microsoft Windows ХР, Microsoft Windows 2000 жүйелерінің пайдасына Microsoft Windows 9х/МЕ жүйелерін пайдаланудан бас тартқан жөн.
- Желіде жұмыс істеу үшін Mozilla Firefox, Microsoft Internet Explorer, Microsoft Outlook секілді ең соңғы нұсқаларды орнатып, пайдаланушылық бағдарламалық қамтамасыз ету үнемі жаңартылып тұрсын.
- Поштаны, броузерді және басқа да пайдаланатын сервистер клиенттерінің зиянкес бағдарламаларға душар болу тәуекелдігін және желілік шабуылдарға бейімділікті азайтатын іске келтіру орындалатын болсын.
- Сенімсіз көздерден алынған: белгісіз web-сайттардан көшіріліп алынған, электрондық поштамен жіберілген,телеконференциялардан алынған файлдар алдын ала вирусқа қарсы бағдарлама арқылы тексерілмей ешқашан орнатылмасын және сақталмасын. Күдікті файлдарды дереу жойған дұрыс.
- Өзінің құрамында жүйелік файлдары бар дисклерге жалпы желілік қатынау берілмесін.
- Мүмкіндігінше жүйеде парольдер сақталмасын (Интернетке қосылу қондырғылары үшін, электрондық пошта үшін және басқалар), олар оқтын-оқтын ауыстырылып отырсын. Маңызды ақпараттарды резервтік көшірулер ұдайы орындалатын болсын.
- Қатынауға қажетті пароль айына бір реттен жиі емес ауыстырылсын. Тіркеу кезінде Абонентке берілген пароль құпия ақпарат екені есіңізде болсын. Парольде пайдаланушының аты, password сөзері түріндегі қарапайым сөздер болмауы тиіс, яғни олар логикаға берілмеуі керек. Оны көпшілік көретін жерге қоюға болмайды, немесе көрінген жерге жазылмауы тиіс.
- Интернет ресурстарымен жұмыс істеу барысында қандайда бір сайтты сұрау кезінде “YES”-ті басуға асықпау керек. Бұдан кейін Сіздің адресіңіз SPAMерлік адрестер тізіміне кіріп кетуі мүмкін.
- Жеке кабинеттегі Сіздің қосылулар статистикасы оқтын-оқтын бақыланатын болсын.