Megaline деген не?
Megaline -Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы бірегей ұсыныс!
Бұл жоғары сапасымен және қол жететін бағасымен ерекшеленетін жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынау қызметі. Толығырақ.
Қалай қосылуға болады?
Қосылу жосығының сипаттамасы. Бағдарламалық қамтамасыз етуді бабына келтіру және жабдықтарды қосудың ерекшеліктері осы жерде келтірілген.
Менің телефон желім заңды тұлғаның атына тіркелген. Осы желіге Megaline орната аламын ба?
Өкінішке орай, болмайды. Megaline қызметі жеке тұлғаларға арналған.
Қосылу параметрлері қандай?
Сіз кіру жылдамдығы 128 Кбит/с-тен 512 Кбит/ске дейінгі дербес арна (сіздің таңдап алған тарифтік жоспаыңызға байланысты), динамикалық IP-мекенжай аласыз.
Ақпарат жіберудің нақты жылдамдығы неге байланысты?
Жылдамдық Сіздің телефон желіңіздің сапасына, Сіз таңдаған тарифтік жоспарға және Сіз сұраған сервердің жүктемесіне байланысты.
Мен Интернеттегі жұмыспен бір мезгілде телефон арқылы қоңырау шала аламба? Бұл қалай болады?
Иә, болады. Бұл Megalineнің ең тартымды тұстарының бірі. Бұған арнаны жиіліктік бөлу көмегімен қол жеткізіледі, немесе телефон бір жиілік диапазонда жұмыс істейді, ал мәліметтерді жіберу басқасында болады. Бұл ADSL технологиясының ерекшелігі.
Жабдықтар орнатылғаннан кейін телефон байланысының сапасы нашарламайма?
Телефон байланысының сапасы өзгермейді.
ADSLдеген не?
ADSL – ол жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынау технологиясы. Технологияның сипаттамасымен осы жерде толығырақ танысуға болады.
Менде қосақталған телефон. Мен Интернетке осы технология бойынша қосыла аламба?
Megaline қызметіне қосылу үшін дербес абоненттік желі болу керек. Қосақталған желіде ADSL жабдықтары жұмыс істемейді. “Қазақтелеком” АҚ жергілікті филиалының абонемент бөлімінде қосақталған телефоныңызды ажырату тұрғысынан өз желіңізді тексере аласыз.
Менің пәтерімді ведомстводан тыс күзет күзетеді (пәтер “пультте”). Мен осы технология бойынша Интернетке қосыла аламынба?
Өкінішке орай, жоқ. Сіздің телефон желіңізде орнатылған ведомстводан тыс күзет жабдықтары оны пайдалануға жол бермейді.
Қазіргі кезде “Қазақтелеком” АҚ осы мәселені жоюға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Мен Megaline абонентімін. Егерде мен дер кезінде өз телефонымның шотын төлемесем, Интернетпен байланыс жұмыс істейме?
Megaline қызметіне қосылған сәттен бастап Сіз ай сайын телекоммуникациялар қызметі үшін бірегей шот аласыз. Белгіленген мерзімде осы шотты төлемеген жағдайда осы шотқа енгізілген барлық телекоммуникациялық қызметтер ажыратылатын болады.
Маған өз трафигімнің статисикасын көруге болама?
Трафик бойынша статистиканы көріп шығу үшін Сіз өзіңіздің Жеке кабинетіңізді пайдалана аласыз. Жеке кабинетке қатынау үшін тіркеу кезінде сіз орналастырған логин мен пароль керек.
Неге менің статистикамда бір қосылу болса да неліктен бірнеше сессиялар көрсетілген?
Бірнеше сессияның пайда болу себебі кейбір ақпараттық пакеттердің желісіндегі айырылып қалуында немесе олардың белгіленген тәртіппен келмеуінде болу керек. Мұндай жағдайларда бір нақты сипатты білдіретін ондаған виртуалдық сессиялар пайда болуы мүмкін. Бұл бейнелеу тәртібінің ешнәрсеге ықпалы болмайды және сіздің алаңдауыңызға себеп болмауы керек.
Абонент қандай трафикке төлем береді?
Клиент тарифтік жоспар бойынша шектелген трафикпен жұмыс істеген жағдайда тек қана кіру трафигі төлеуге жатады.Трафигі шектелмеген тарифтерде, мысалы «Megaline-Hit», трафик тарифицияланбайды.
Менің компьютеріме қатысты талаптар қандай?
Аппараттық қамтамасыз етудің ең кем талаптары мынадай: 200 MHz CPU, 64MB RAM, интерфайсты желілік карта Ethernet 10Base-T (Ethernet-кабель бойынша қосылу барысында) немесе USB-портпен (USB-кабель бойынша қосылу барысында), Microsoft Windows XP операциялық жүйе, ADSL-модем және жиілік сүзгісі (сплиттер). Windows NT4.0 операциялық жүйе ретінде ADSL-модем тек қана Ethernet 10Base-T интерфейсімен қолданылады.
Егерде менің компьютерімде Microsoft Windows 95/98/2000 операциялық жүйесі орнатылса не істеу керек?
Сіздің компьютерде Microsoft Windows 95/98/2000 операциялық жүйесі орнатылған жағдайда, Сізге операциялық жүйені PPPoE хаттамасымен жаңарту керек. PPPoE хаттамасы бар драйверлерді көптеген бөгде жасаушылар өндіреді. Сондай нұсқалардың бірі жасаушының http://www.raspppoe.com/ сайтынан жүктемелеуге болатын RASPPPoE драйвері болып табылады.
Абоненттер үшін TCP/IP-хаттамасында қандайда бір шектемелер болама?
Жоқ, ешқандай шектемелер болмайды.
Абоненттерге қандай IP-мекенжайлар бөлінеді?
Динамикалық IP-мекенжай бөлінеді.
Менде ештеңе жұмыс істемейді. Не болып қалды?
Техқолдау Қызметіне телефондар бойынша қоңырау шалыңыз.
ADSL-модемін жөндеуге байланысты мәселелер бойынша қайда хабарласуға болады?
(Asymmetric Digital Subscriber Line) – бұл кәдуелгі телефон нөмірінде жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа технология. Бұл жағдайда телефон желісі бос күйінде қала береді.
Megaline қызметін көрсетуге контракт (қосуға өтінім) ресімдегенде қандай құжаттар талап етіледі?
Megaline қызметін көрсетуге жазылған өтінішке телефон желісінің иесі қол қояды, өтінішке қол қойған кезде телефон желісінің иесі жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсетуі тиіс. СТН, үй кітапшасын және т.б. көрсету қажет емес. Жеке куәліктегі деректер Оператордың биллинг жүйесі деректері бойынша абоненттік желі иесінің аты-жөнімен салыстырылып тексеріледі.
Егер мен Жеке кабинетте тарифтік жоспар ауысуына бір айда бірнеше рет өтінім берсем, менде қандай тарифтік жоспар болады?
Тарифтік жоспардың ауысуы келесі айдың 1-ші күні болады. Мұндайда берілген өтінімдердің тек соңғысы ғана есепке алынады.
Megaline қызметін пайдаланған кезде телефонда шуыл естіледі, ал модемді ажыратқанда шуыл жоғалады. Неге?
Модем Сіздің пәтеріңізде телефон желісіне дұрыс қосылмаған. Модем мен телефон микрофильтр (сплиттер) арқылы қосылуы тиіс. Megaline қызметіне қосылу нұсқаулығында қосылудың дұрыс сызбасы келтірілген.
Megaline қызметін көрсетуге орнату ақысы қай кезде төленеді?
Megaline қызметін көрсетуге қосу құны Интернет желісіне қатынаудың станциялық жабдығына Сіздің абоненттік желіні қосу және абонент жағына ADSL-модемді жайғастыру жұмыстары нақты орындалғаннан соң төленеді.
Қосу құны телекоммуникациялар қызметін көрсету шотының “Басқа есептеулер” бөліміне кіргізіледі, ол қосылған айдан кейінгі айдың орта тұсында ұсынылады.
Телекоммуникациялар қызметін көрсету шоты оны алғаннан кейін айдың аяғына дейін төленуі тиіс.
ADSL технологиясы туралы
Megaline - бұл ADSL технологиясы бойынша ұйымдастырылатын жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынау.
ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) – бұл кәдуелгі телефон нөмірінде жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа технология. Бұл жағдайда телефон желісі бос күйінде қала береді.
ADSL шешуші артықшылықтары
- Тұрақты қатынау
ADSL технологиясын қолданып тұрақты қатынаудың коммутацияланған қатынаудан басты айырмашылығы Сіздің компьютердің Интернетке үнемі қосылып тұруы болып табылады. Ендеше, электронды поштаны қарап шығу немесе қандай да бір сайтқа көз салу үшін, Сізге провайдердің модемдік пулына телефон шалудың қажеті жоқ. Компьютерді қосасыз, браузерді ашасыз – міне Сіз Интернеттесіз!
- Бос телефон
Егер Сіз коммутацияланған қатынаудың көмегімен Интернетте саяхаттап жүрсеңіз, онда сіздің телефоныңыз бос болмайды. Және керісінше, біреу телефонмен сөйлесіп жатса, Сіз Интернетке шыға алмайсыз. ADSL-ді қолданған кезде телефон бос болады. Сіз бір мезгілде Интернетте жұмыс та істей аласыз және телефонмен де сөйлесесіз.
- Мәліметтерді жіберудің жоғары жылдамдығы
ADSL кеңжолақты (broadband) технологиялар класына жатады. Ол абоненттің бағытына мәліметтер жіберудің жылдамдығын – кіру арнасы бойынша 8 Мбит/с-ке дейін және шығу арнасы бойынша 768 Кбит/с-дейін қамтамасыз етеді. Жоғары жылдамдық web-сайттармен қолайлы жұмыс істеуге, тез арада үлкен файлдар мен құжаттарды өткізіп алуға, мультимедиямен жұмыс істеуге, интерактивті тіркемелерді толық пайдалануға мүмкіндік береді.
- Қосылудың қарапайымдылығы
Megaline арнасын қосу жосығының коммутацияланған қатынауға қарағанда онда тек қана сіздің АТС желіңізді дайындауға қатысты (оны цифрлы жабдыққа қайта қосу керек) бір ғана қосымша сатысы бар. Желіні одан әрі бабына келтіруді абонент дербес (қосылу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес) немесе біздің мамандардың көмегімен (қосымша ақыға) атқарады.
Басқа технологиялармен салыстыру
ADSL технологиясының бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Серіктік және сымсыз қатынаумен салыстырғанда талшықтық-оптикалық желілердің сапасына жақын, әлдеқайда жоғары сапалы қосылуды береді. Соның өзінде қызмет бағасы әлдеқайда төмен және dialup-қатынау бағасымен салыстыруға болады.
Megaline абоненті үй желілеріне қарағанда дербес пайдалану арнасын алады. Үй желісінде бір бөлінген арна үйдегі көршілердің арасында бөліске түседі. Бұл жылдамдыққа да, қосылудың сенімділігіне де кері әсерін тигізеді.
ADSL қалай құрылған
Неліктен бір телефон желісін пайдаланған кезде ADSL және коммутацияланған қатынауда көрсетілетін қызмет мүлдем бөлек болып шығады?
Мәселе мынада, сіздің пәтерге келіп кіретін «мыс сым», дауыс беру үшін әбден жеткілікті кеңдігі 4 кГц сигналды қабылдау үшін бабына келтірілген телефон стансасына қосылған. Кәдуелгі модем жай ғана телефон желісінің мүмкіндігіне икемделеді, сондықтан да оның жылдамдығы 56 кбит/с-пен шектелген. Алайда «мысты жұптың» өзінің техникалық мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары, оның өткізу қабілеті 1 МГц-ге жақын, сондықтан ол арқылы мегебиттік жылдамдықтағы мәліметтерді «айдауға» болады.
Цифрлы жоғары жылдамдықтағы желі жасау үшін, «мысты жұптың» түптеріне арнайы цифрлы құрылғылар (сплиттерлер немесе микрофильтрлер) қосылады – біреуі АТС-те, екіншісі абоненттің пәтерінде, олар телефон желісінде және Интернетте қатар жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Стансалық сплиттердің бір шығымы АТС-ке, ал екіншісі – Интернет желісімен байланысқан мультиплексорға (DSLAM).
Абоненттік сплиттер пәтердің кіре берісіне орнатылады, одан екі сым кетеді – бірі ADSL-модемге, ал екіншісі – барлық телефон розеткаларына.
Модем желіге тікелей қосылғанда микрофильтрлерге қосылу сызбасы абонент үшін ең қолайлы болып табылады, ал барлық телефондар, факстер және басқа да аналогтық құрылғылар микрофильтрлер арқылы қосылады.
Желіде не болып жатады
Сплиттердің (микрофильтрдің) көмегімен «мысты жұпты» өткізудің барлық жолағы екі диапазонға бөлінеді: төменжиілікті телефон байланысы үшін және жоғарыжиілікті мәліметтерді жөнелту үшін.
Жоғарыжиіліктегі диапазон әр қасысының өткізу қабілеті 4 кГц 247 бөлек арналарға бөлінеді. Егерде техникалық тетіктерді ескермесек , онда көз алдымызға абонент пен АТС ғимратының аралығында 247 тәуелсіз телефон желісі жатқандай болып елестейді. Олардың бір бөлігі кіретін ағымды (Интернет желісінен абонентке) қабылдау үшін, бір бөлігі – шығатын ағым үшін жұмыс істейді. Басқару жүйесі әр арнаның жағдайының мониторингі тұрақты жүріп отыратындай және және ақпарат олардың ең жақсы сипаттамаларға иелеріне бағытталатын болып құрылған.
Болашағы
ADSL – іс жүзінде Қазақстанда Интернетке кеңжолақты қатынауға қол жеткізілуі мүмкін болатын шынайы бұқаралық қызметтің бірегей технологиясы. Арзан бағасымен және орнатудың қарапайымдылығымен бірге ол жақын болашақта Интернетке тұрақты түрде қатынауды бүгінде коммутацияландырылып қатынау қандай болса, сондай елге белгілі болады.