РУС КАЗ
Жеке кабинет
 
   
 
 
 
 




 



 

 

Жеке тұлғалар үшінЗаңды тұлағалар үшін
Заңды тұлағалар үшін

MEGALINE BUSINESS — бұл заңды тұлғалар үшін Интернет желісіне жоғары жылдамдықтағы қол жеткізу

БИЗНЕСІҢІЗДІ КЕҢЕЙТІҢІЗ 

Интернетке кең жолақты қол жеткізу Сіздің алдыңыздан бизнесіңізді кеңейте түсуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сіз, беретін ақпаратыңызды ұдайы жаңарта, жаңалықтар ұсына әрі үздік жобаларыңызды толығырақ сипаттай отырып, өз компанияңыздың сайтын аша аласыз. Сіздің компанияңыз үшін өз клиенттеріңізді сақтап, жаңа клиенттер тарта отырып, on-line консультациялар беру мүмкіндігі туады.

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ҰЛҒАЙТЫҢЫЗ 

Ғаламторға жоғары жылдамдықтағы қол жеткізу Сіздің уақытыңды айтарлықтай үнемдейді!  Megaline business Сізге:
·     Рынокты тез арада зерттеп білуге;
·     Тиісті статистикалық немесе заңды ақпаратты уақытында алуға;
·     Сіздің бизнес-сегментке ықпал ететін оқиғаларды дер кезінде біліп отыруға;
·     Жақсы мердігерлерді жедел табуға көмектеседі. 

АЙНАЛЫМДЫ АРТТЫРА ТҮСІҢІЗ
Megaline business интернетке лимитсіз қол жеткізуді ұсынады. Бұл Сізге қанша мегабайтты пайдаландыңыз, қаншасы қалды деп ойланып отырмауға мүмкіндік ашады. Тиісті ақпаратыңызды алаңсыз іздеп, тиісті нұсқаларын табуға, жеткізушілермен үзіліссіз байланыста болуға, жаңа мүмкіндіктер жайлы білуге, өз қызметкерлеріңіздің кәсіби деңгейін арттыруға болады.

МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Megaline business бір мезгілде интернетті пайдалануға және телефонмен сөйлесуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз – Сіз бір мезгілде бір клиентпен сөйлесіп, екіншісінен электронды поштамен шұғыл тапсырыс алу немесе интернеттен жедел түрде ақпарат іздеп, клиентке консультация беру мүмкіндігіне ие боласыз деген сөз.

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ
Megaline business – жұмсалған трафик үшін алынатын күтпеген шоттардан өзіңізді сақтандырудың ең дұрыс жолы. Трафикті жалмап қоятын вирустар немесе трафикті басы артық шығындайтын кейбір қызметкерлер ілгеріректе интернетке күтпеген шығындардың себебіне айналып жататын. Интернетке лимитсіз қол жеткізу Сізге интернет қызметтеріне айлық төлемнің абоненттік төлем сомасынан артпайтынын нақты біліп отыруға мүмкіндік береді.

ЕҢ ТИІМДІ ҰСЫНЫСТАРДЫ ТАБЫҢЫЗ
Интернетке 128 Кбит/с жылдамдықпен лимитсіз кіру құны 4 есе арзандады!!!
Енді Сіз интернетке кең жолақты қол жеткізудің барлық артықшылықтарын айына небәрі 15 500 теңге төлеп пайдалана аласыз*.

 

 
   
Жаңалықтар | Megaline | Mgaine Mobile 3G | Тарифтік жоспарлар | Қосылу өтінімі
Жеке кабинет | Хабарлау | Байланыстар | Басқа да қызметтер мен сервистер | Делдардар
© 2005—2010 «Megaline»