РУС КАЗ
Жеке кабинет
 
   
 
 
 





 



 

 

Megaline
Жеке тұлғалар үшінЗаңды тұлағалар үшін
Жеке тұлғалар үшін

Megaline – бұл жоғары жылдамдықпен Интернет желісіне қатынау қызметі.

Megaline басымдылықтары
  • Интернет желісіне қатынаудың жоғары жылдамдығы (8 Мбит/сек. дейін)
  • Тартымды тарифтер
  • Қосымша Интернет-сервистер
  • Бос телефон
  • Интернет желісіне үнемі қатынау
  • Көрсетілген қызмет үшін оңтайлы төлем жасау
  • Жоғары деңгейдегі сервис

Жоғары жылдамдықпен Интернет желісіне қатынау

Қатынау жылдамдығы Интернет желісі ресурстарын пайдаланудың қолайлы болуын қамтамасыз етеді. Megaline арқасында Сіздің тез арада көлемі үлкен ақпаратты алу және жөнелту, сондай-ақ әртүрлі интерактивті сервистерді пайдалану мүмкіндігіңіз болады.

Тартымды тарифтер

Megaline бірнеше тариф жоспарларын ұсынады, олардың арасынан Сіз өзіңіздің қажетіңізге және қаржылық мүмкіндігіңізге қарай ең тиімдісін таңдай аласыз. Megaline трафикті мегабайтпен есептеуді көздейді, оның уақытпен есептеуден айырмашылығы Сіздің веб-парақтарды қарап шығуға емес, ашуға ақы төлейтініңізді білдіреді.

Қосымша Интернет-сервистер

Бұған қоса, Сіз Интернет желісінің ақпараттық, музыкалық ресурстарына, онлайн-ойындарына, радиосына және басқа әртүрлі сервистеріне қатынай аласыз, Сіздің трафик тұтыну мониторингін жүргізу және Жеке Кабинет (Сіздің жеке веб-парағыңыз) арқылы өз бюджетіңізді басқару мүмкіндігіңіз болады.

Бос телефон

Сіз бір уақытта Интернетте жұмыс істеп отырып, телефонмен де сөйлесе аласыз, мұндайда телефон байланысының сапасы төмендемейді.

Интернет желісіне үнемі қатынау
Megaline Сізге тәулік бойы Интернет желісіне қатынауды қамтамасыз етеді және телефон желісінің физикалық ажырауынан басқа жағдайларда қосудың үзілуіне жол бермейді.

Көрсетілген қызмет үшін оңтайлы төлем жасау

Megaline көрсеткен қызметтерге төленетін ақы қызмет көрсетуді пайдаланған айдан кейінгі телекоммуникация қызмет көрсетулеріне берілетін жалпы есепшотқа енгізіледі.

Телекоммуникация қызмет көрсетулеріне берілетін есепшот бойынша "Қазақтелеком" АҚ сервис пункттерінде, Қазкоммерцбанк, Халық банкі, ТұранӘлем банкі және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, Қазкоммерцбанк банкоматтары арқылы және HomeBank.kz Интернет-порталында төлем жасауға болады

Жоғары деңгейдегі сервис

Megaline қызметтерін пайдаланғанда Сізге телекоммуникациялық қызметтердің ұлттық операторы - "Қазақтелеком" АҚ компаниясы жоғары сапалы қызмет көрсетеді. Megaline жұмысының сенімділігі тәулік бойы техникалық қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.


 
   
Жаңалықтар | Megaline | Mgaine Mobile 3G | Тарифтік жоспарлар | Қосылу өтінімі
Жеке кабинет | Хабарлау | Байланыстар | Басқа да қызметтер мен сервистер | Делдардар
© 2005—2010 «Megaline»